Көпшілік іс-шаралар

Мұқағали – мәңгілік ғұмыр

Печать

  Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай бас оқу залы қызметкері сектор меңгерушісі Б. Жұмабаеваның ұйымдастыруымен «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби-сазды кеш «Филология» факультетінің , журналистика мамандығының, « Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғары мектебі, «Ақиқат» жастар пікірсайыс орталығы студенттерінің қатысуымен өткізілді. Іс-шарада студенттер М.Мақатаевтың поэзияларын оқып, көріністер көрсетті.

«Мұқағали- мәңгілік ғұмыр» атты кітап көрмесі қойылды.

  

Жыр алыбы Жамбыл

Печать

Ақпараттық білім беру орталығының №5 оқу залында  «Мәдениет  және спорт», «Филология» факультеттері студенттерінің қатысуымен  Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Жыр алыбы Жамбыл» атты    оқырман коференциясы өтті. Іс-шара барысында студенттер ақынның өмірі туралы көрініс көрсетіп, домбырада  Жамбылдың жырларынан  айтыс ұйымдастырды. Жамбыл Жабаевтың жырлары жас ұрпаққа рух беретін педагогикалық ой-толғамдарға толы тәрбиенің құралы.

 

Жанталас

Печать

2021 жылы «Бір ел-бір кітап» Республикалық акциясы бойынша  « Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» ұсынылған. Таңдалған 30 кітаптың бірі Ж.Шанин атындағы қазақ драма театрының режиссері, белгілі драматург Сая Қасымбектің «Жанталас» пьесалар жинағы.

Осыған орай, студенттердің оқу мәдениетін жандандыру және дамыту, отандық жазушыларды қолдау мақсатында  Ақпараттық білім беру орталығы мен «Театр және эстрадалық шығармашылық» кафедрасы іс-шара ұйымдастырды. Іс-шара барысында «Йасауи қасыреті» тарихи драмалық   пьесасынан қойылымдар қойылды, әндер орындалып, автордың шығармашылығына байланысты сұрақтар қойылды. Іс-шара соңында автор жастарға үлгі боларлық ақыл- өсиеттер айтты.

  

Өмірдастан

Печать

«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында, таңдаулы 30 кітаптың бірі ақын М.Мақатаевтың  «Өмірдастан» поэзиялар топтамасын оқуға арналған әдеби-сазды кеш Ақпараттық білім беру орталығының №5 оқу залында «Филология»  факультетінің студенттерінің қатысуымен ұйымдастырылды.

 

Еліміздің еркіндігі-Тәуелсіздік

Печать

Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздік күніне арналған бас оқу залының қызметкерлері сектор меңгерушісі Б.Жұмабаева мен А.Икласованың ұйымдастыруымен «Филология» факультетінің журналистика мамандығының ФИ-20-11к  тобының студенттері Еркінбек Ә., Жораева Ә., Леспаева А., Кенжаев Б., Құдайберген Ұ., ЭФ-19-3к студенті Ергенбай Т. қатысуымен «Еліміздің еркіндігі- Тәуелсіздік» атты виртуалды кітап көрмесі көрсетілді.    

 

Мұхтар Әуезов

Есепшілер

Яндекс.Метрика